23 Сентябрь
13:16
Астана: 1 °C
Алматы: 26 °C
USD/KZT: 340.11
EUR/KZT: 407.93
RUB/KZT: 5.91
CNY/KZT: 51.61
Әлем жаңалықтары
31 тамыз 15:34
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Ислам Каримовтың ел білмейтін ұлы кім?

Әлішер Таксанов пен Петр Каримов Ташкенттегі Халық шаруашылығы институтының алдында, 1988 жылдың көктемі

Ресми деректерде Өзбекстанның күні бүгін хәл үстінде жатқан президенті Ислам Каримовтың жұбайы Татьяна Акбарқызынан Гүлнәр мен Лола есімді екі қызы бар екені айтылады. Елге белгілісі де осы екі қызы.

Ал елбасының алғашқы некесі туралы мәліметтер сирек ұшырасады. Осы тақырып төңірегінде тәуелсіз журналист Әлішер Таксанов proza.ru сайтына мақала жазыпты.

Автор өзбек президентінің бәйбішесі Наталья Петровна Кучми деп көрсетеді. Биолог, Өзбек КСР Ғылым акаедемиясында жұмыс істеген. Ташкенттегі В.Чкалов атындағы авиациялық өндіріс бірлестігі бас директорының қызы екен. Қайын атасы жас күйеу баласын қол астына инженер-конструктор қызметіне алыпты. Болашақ президенттің қызметтегі өрлеу жолы осы жерден басталса керек. Ерлі-зайыптылар 1969 жылы ажырасқан көрінеді.

Петр Каримов Ташкенттегі халық шаруашылығы институтында «Өнеркәсіпті жоспарлау» мамандығы бойныша білім алған. Ата-анасы ажырасқаннан кейін әкесінің қолдауынсыз қалған дейді. Петрдің өзі де әкесін жағаламай өз жолын өзі таңдап, өзі көтерілген-мыс.

Автор Петрдің бір кездері Өзбекстанның СЭҚ Ұлттық банкінде қызмет атқарғанын, кейінірек Мәскеуге кетіп, Санкт-Петрбургте кандидаттық диссертация қорғағанын жазады.

Өзбекәкәлардың ортасынан алыс екенін, ана тілін білмейтінін, Ташкентке бүйрегі бұрмайтынын, орыстанып кеткенін жеткізеді. 
нравится:    1799
Теги: Саясат, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии