23 Август
21:37
Астана: 23 °C
Алматы: 17 °C
USD/KZT: 333.08
EUR/KZT: 391.50
RUB/KZT: 5.64
CNY/KZT: 50.00
Әлем жаңалықтары
22 мамыр 11:24
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​"Ислам мемлекеті" Пальмираны толық бақылауына алды
"Ислам мемлекеті" ұйымының содырлары қазір Сирияның ежелгі тарихи қаласы Пальмираны толық бақылауына алған деп хабарлайды ВВС Сириялық белсенділердің мәліметтеріне сілтеме жасай отырып.

Пальмира біздің заманымыздың бірінші, я екінші ғасырында аймақ Рим империясының бөлігі болып тұрғанда салынған. Ежелгі қала жұрнақтары Сирияның шығысынан батысына қарай өтетін стратегиялық маңызы бар магистралға жақын орналасқан Тадмур қаласының іргесінде.
Содырлар ЮНЕСКО қорғауындағы дүниежүзілік мәдени мұра нысаны саналатын ежелгі қаланы бүлдіруі немесе толықтай қиратуы мүмкін деген қауіп бар.
Мәдени мұраны қорғау бойынша сириялық департементінің жетекшісі, маңызды деген жүздеген мәдени құнды заттар қауыпсыз орындарға жеткізілген. Алайда, қозғамайтын немесе көтерілмейтін үлкен құнды заттарды қорғауға қауіптер туып тұрғандығын жеткізді.

«Ислам мемлекетінің» жиһадшыларының әлем мәдениеті үшін мәдени-тарихи мұра болып табылатын алып кете алмайтын мұражайлар мен үлкен ескерткіштерді жою қауіптері тұр.
нравится:    709
Теги: Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии