25 Сентябрь
08:23
Астана: -8 °C
Алматы: 2 °C
USD/KZT: 340.11
EUR/KZT: 407.93
RUB/KZT: 5.91
CNY/KZT: 51.61
Әлем жаңалықтары
28 мамыр 10:34
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Ислам мемлекеті содырлары көрермендердің көзінше Пальмирадағы рим театрында 20 адамды өлтірді
«Ислам мемлекетінің» содырлары Сирияның ежелгі Пальмира қаласындағы рим театрында 20 адамды өлтірді. Исламшылар оларды үкіметті қолдағаны үшін айыптады. Бұл туралы Lenta.ru Reuters агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.Сирияның адам құқықтарын сақтауға мониторинг орталығы құқық қорғаушыларының айтуынша, содырлар көрермендерді осы жантүршігерлік акцияны көруге шақырған.



The Guardian  бұдан бұрын хабарлағанындай, БҰҰ «Әл-Каида» және «Ислам мемлекеті» сияқты топтарда соғысып жатқан жиһадшылар әлем елдерінің тең жартысынан астамынан құралған деп мәлімдеді.
Халықаралық ұйымның баяндамасына сәйкес, қазіргі кезде 25 мыңнан астам шетелдік жауынгерлер исламшылар жағында жанжалдарға қатысуда. Соңғы тоғыз айда олардың саны  70 пайызға арта түсті. Олардың барлығы да ұзақ мерзімге тікелей қауіп төндіреді.
Атап өтілгендей, 20 мамырда Ислам мемлекетінің содырлары, атап айтқанда ежелгі бірегей құрылыс орындарының қалдықтары сақталған Пальмираны басып алды. Олар ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралары деп танылған болатын. Қазіргі кезде ежелгі қаланың орнында шағын елді мекен орналасқан. Пальмираны алған сәттен бастап, жиһадшылар кемінде 200 адамды өлім жазасына кесті және 600-ге жуық адамды тұтқынға алды.
«Ислам мемлекеті» Иракта 2006 жылы пайда болды. 2014 жылдың жазына қарай топ содырлары Сирия мен Ирактың бір бөлігіне бақылау орнатты және астанасы Мосул қаласы етіп, халифатты жариялады. Пальмира исламшылар өкімет орындарынан жаулап алған алғашқы сириялық қала болып отыр.
нравится:    659
Теги: Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии