16 Декабрь
13:07
Астана: -16 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Әлем жаңалықтары
8 сәуір 12:10
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Испандық өзі жинаған ескі заттардың астында қалып қайтыс болды
Испанияның Виго қаласында полиция өз үйінде қайтыс болған 51 жастағы ер адамның денесін тапты. Ол ескі-құсқы заттарды жинай беріп, ақыры сол үйіндінің астында қалып о дүниелік болған. Бұл туралы lenta.ru хабарлайды.



Ер адамның жоғалып кеткені туралы полицияға оның таныстары хабарлаған. Достары ер адамның ешқандай әлеуметтік желілерге шықпай, байланыссыз қалғанынан күдіктенген.

Алайда оқиға орынына келген тәртіп сақшылары оның өмірін сақтап қала алмады. Тіпті ретсіз жинала берген заттардың кесірінен үйге де кіре алу мүмкін болмаған. Ер адамның денесі есіктен бір метрдей жерде қоқыстар астынан табылған. Оны шығарып алу үшін, өрт сөндірушілердің көмегіне жүгінген.

Патологиялық аурудың бір түрі болып есептелетін бұл ауру – Диогена синдромы деген атпен де белгілі. Бұл адамның өз-өзін психологиялық тұрғыдан жеп, өз-өзін жоғалтып алуынан туындайтын нәрсе.
нравится:    715
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии