18 Декабрь
16:43
Астана: -10 °C
Алматы: -4 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Әлем жаңалықтары
6 мамыр 11:09
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Испандықтар еттен чипсы өндіретін аппарат шығарды

Жирона қаласының өнертапқыштары шұжық және ет өнімдерінен чипсы өндіретін аппарат ойлап тауыпты. Metalquimia компаниясы шығарған бұл аппаратта өндірілген өнім картоптан өндірілген чипстерден ешбір қалыспайды.  «Барлық жұрт асығыс жүретін қазіргі заманда ішке аздап болса да, «ел қондыратын» тіскебасар тағам түрлеріне деген сұраныс артып барады. Бірақ, оны жеген соң адамның негізгі ыстық тағамды ішуге зауқы соқпай қалып, тәбет жойылмауы тиіс. Біз ойлап тапқан аппарат тап осындай қарынның аштығын уақытша баса тұратын тамақ түрін шығару үшін таптырмайтын қондырғы екендігіне сенімдімін», – дейді компания президенті Хосеп Лагарес. Президенттің айтуынша, бұл аппарат шұжықтың өте жұқа етіп туралған бөліктерін небәрі бір сағат ішінде кептіріп, оны чипсыға айналдырады екен. Ал қарапайым өндірістік жағдайларда бұған тіпті үш, әрі кетсе төрт айда ғана қол жеткізуге болады. Бірақ, шұжықтың көзді ашып-жұмғанша кеуіп кеткеніне қарамастан, ол өзінің тағамдық қасиеттерін жоймайды, деп жазады espanarusa.com.

24.kz
нравится:    817
Теги: Денсаулық,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии