21 Сентябрь
03:57
Астана: 16 °C
Алматы: 10 °C
USD/KZT: 341.61
EUR/KZT: 410.27
RUB/KZT: 5.90
CNY/KZT: 51.98
Әлем жаңалықтары
18 тамыз 09:56
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Испанияда 7 адамды бұқа таптап өлтірді
 

Испанияда жазғы фестивальдер кезеңі басталғаннан бері шілде айының басынан бастап 7 адамды бұқа таптап өлтірді. Олардың төртеуі өткен демалыс күндері қаза тапты. Бұл туралы BBC қызметі хабарлайды.

Бұқа сүзіп өлтірген оқиғалар Испанияның түрлі өңірлерінде атап айтсақ, Толедо, Наварре және Кастельон провинциясында тіркелді. Наварреде 18 жастағы жасөспірім жігіт бұқаның құрбаны болғаны белгілі.

2013 жылы Испанияда корриданы ұлттық мәдени құндылықтардың бөлігі екендігін растап, «мемлекет оны сақтап, ары қарай дамытуы керек» деген заң қабылданған болатын.
Испанияның ұлттық дәстүрі энсьерро деп аталады. Адамдар долданған бұқаларды жібере салып, өздері олардан қашады. Бұған жануарларды қорғау ұйымдары қарсылық көрсетіп келеді.
 
Өткен жылы Испанияда корридан мерекесін өткізу кезінде 7200 жуық бұқа өлтірілген екен. Бұл елде жыл сайын  2000-дай бұқа сайысы өткізіледі. Бірақ бұл көрсеткіш жыл сайын төмендеп келеді.
нравится:    997
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии