19 Август
09:28
Астана: 12 °C
Алматы: 19 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Әлем жаңалықтары
7 маусым 10:46
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Испанияда ерекше қуыршақтар көрмесі өтеді

Аликанте қаласында авторлық қуыршақтардың Бірінші халықаралық көрмесі өтеді. MuñecArt атты көрменің ұйымдастырушылары «авторлық» деген сөзге жіті назар аударуды сұрайды. Себебі мұнда күнделікті көптеп шығарылатын кәдімгі целлулоидтан жасалған бұйымдар туралы айтылып тұрған жоқ.  Авторлық қуыршақ - қолдан жасалған және тек жалғыз ғана данада кездесетін қуыршақ. Мұндай бұйым өзге еш жерде кездеспейтін болғандықтан, оны өнер туындысы деп атауға болады. Бүгінде авторлық қуыршақтар өнерде сәнді үрдіске айналған. Коллекционерлер бұл қуыршақтардың құндылығын қылқалам шеберлері салған картиналарға теңестіріп отыр.  Авторлар «жүз рет айтқанша, бір рет көруге» шақырып отырған бұл мәдени шараны 15 маусым-4 шілде аралығында Аликантеде қызықтауға болады. Айта кететін жәйт, бұл көрмені көру үшін келушінің кәмелет жастан асқан болуы шарт.

24.kz
нравится:    752
Теги: Қоғам,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии