12 Декабрь
02:48
Астана: -15 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 335.05
EUR/KZT: 395.12
RUB/KZT: 5.66
CNY/KZT: 50.64
Әлем жаңалықтары
30 наурыз 12:38
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Испанияда ішінде радиоактивті заттар бар шабадан жоғалды


Испанияның Ядролық қауіпсіздік бойынша кеңесі ішінде радиактивті материалдар бар шабаданның жоғалғанын жариялады, деп хабарлайды Би-би-си.
Мәселе цезий-137 мен америций-241 туралы болып отыр. Олар радиацияның аздаған мөлшерін шығарса да, кеңес белгілі бір жағдайда бұл заттар адамдар үшін қауіпті болатынын ескертіп отыр.
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, радиактивті заттар инженерлік-құрылыс компаниясының иелігіндегі жердің тығыздығы мен сулылығын өлшейтін арнайы құралдарда қолданылған.
Бұл құралдар компанияның өз көлігімен тасымалдаған сарғылт түсті шағын щабаданда сақталды. Алайда енді бұл шабадан із-түссіз жоғалып кетті. Оны ұрлап әкетуі де мүмкін, алайда компанияда бұған толық сенімді емес.

Цезий-137 мен америций-241 әдетте өлшеу жабдықтарында пайдаланылады. Радиактивті заттарды жіктеу кезінде оларға қауіптіліктің бес деңгейінің төртіншісі берілді. Бірінші деңгейдегі заттар ең қауіпті, ал бесіншідегі - қауіптілігі төмен болып саналады. 
нравится:    814
Теги: Главная, Қылмыс,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии