Әлем жаңалықтары
12 қаңтар 10:14
Испанияда корольдің әпкесіне қатысты сот басталды


Испанияда корольдің әпкесі де айыпты ретінде тартылатын қаржылық алаяқтықтарға қатысты сот процесі басталғалы тұр. Бұл туралы Lenta.ru хабарлады.

Сотталушылар орындығында барлығы 18 адам отырады. Солардың қатарында Испания королі Филипе VI-ның өзімен тете әпкесі инфанта Кристина да бар. Бұл король отбасы мүшесінің қаржылық қитұрқы әрекетіне байланысты қозғалған бірінші сот процесі болғалы отыр.

Сот өзініңт түпкілікті ұйғарымын биылғы жылғы 30 маусымда шығаруы керек. Процесс Балеар аралдарында өтеді. Себебі, қаржы былығы тап осы жерде өткен.

«Инфанта Кристинаның жұбайы Иньяки Урдангарин мен оның бұрынғы іскерлік әріптесі Диего Торрес басшылығы құрамына кіретін Ноос институты қоғамдық ұйымы тек Балеар аралдары мен Валенсияның бюджеттерінен ірі сомада ақша алудың және оларды шағын топтағы тұлғалардың сіңіріп кетулері үшін керекті жабдық қана болған», – делінген прокуратура мәлімдемесінде.

Комментарии




Яндекс.Метрика