22 Август
03:48
Астана: 9 °C
Алматы: 10 °C
USD/KZT: 332.58
EUR/KZT: 390.38
RUB/KZT: 5.63
CNY/KZT: 49.85
Экономика
7 тамыз 11:28
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Италия халқының тұрмыс жағдайы төмендеп кеткен
Былтыр ғана келген Италияның жаңа билігі халықтың сеніміне селкеу түсіріп, үмітін біржола үзе бастады. Еңсесі түскен елдің тұрмыс жағдайы кетіп, қоғамның ашу-ызасы өршіп келеді.



Жұмыссыздар саны 3 млн-ға жетіп, салық мөлшері өсіп кеткен. Шарасыз италиялықтар премьер-министрге жаңа лақап ат қойыпты. 2014 жыл итальяндықтар үшін шадыман шаттықпен басталды. Ел тізгіні күш-қуаты тасыған, жас көшбасшы Маттео Ренциге тиген соң халықтың титыққа тиген дағдарыстан арыламыз деген үміті оянды. Бірақ күзге таман жұрттың қуанышы су сепкендей басылды. Кедейлік мен жұмыссыздық бұрынғыдан бетер өсіп кетті. Халықтың күмәні бекер емес сияқты. Елдегі жұмыссыздар саны бүгінде 3 миллионға жетіпті, салық мөлшері де қалыспай, өсіп барады. Мамандар жүргізген әлеуметтік зерттеулер халық көңілінің пәс тартқанын тағы бір дәлелдей түсті. Зейнеткерлер мен жұмыссыздар тұрмыс тауқыметі артып кеткенін ашумен айтып отыр.

Дереккөзі: 24.kz
нравится:    791
Теги: Нарық және тұрмыс,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии