23 Май
07:15
Астана: 6 °C
Алматы: 20 °C
USD/KZT: 327.11
EUR/KZT: 386.74
RUB/KZT: 5.34
CNY/KZT: 51.37
Әлем жаңалықтары
1 ақпан 14:44
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Италияда ауа райы күрт жылынып, жидектер гүлдей бастады


Италияда ауа райы күрт жылынып, жидектер гүлдей бастады. Тіпті бұрын-соңды қыс мезгілінде мұндай температура болмаған деседі.Биыл өзге жылдармен салыстырғанда орташа есеппен 6 градусқа жылырақ болып тұр. Ал негізінен Италияда қаңтар ең суық ай болып саналады. Бірақ елдің оңтүстік аймақтарында термометр +19 градусты көрсетіп тұр. Тіпті кей жерлерде мамырда бүршік жаратын гүлдер шығып, жидектер гүлдей бастаған.
Мамандардың айтуынша, жылы қыс бірінші кезекте ауылшаруашылық иелеріне айтарлықтай кесірін тигізуі мүмкін, деп жазады 24.кз.
- Бұл жағдай уақыт өте келе қалыпты жағдайға айналмақ. Алдағы 100 жылдық болжам бойынша 2100 жылы Италияның солтүстігінде ауа температурасы 5 градусқа көтерілмек. Сондықтан қазір бізге жылы болып отырған қыс болашақта үйреншікті болып кетеді, дейді Италияның Қоршаған ортаны қорғау институтының қызметкері Франческа Джордано.
нравится:    696
Теги: Әлемде талай қызық бар,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте также:
Загрузка...

Комментарии