21 Сентябрь
07:12
Астана: 14 °C
Алматы: 8 °C
USD/KZT: 341.61
EUR/KZT: 410.27
RUB/KZT: 5.90
CNY/KZT: 51.98
Әлем жаңалықтары
10 наурыз 15:36
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Италияда әйелімен ұрысып қалған пилот ұшақты құлататынын айтып қорқытқан
Италияда пилот Римнен Токиоға ұшуы алдында ұшақты құлататынын айтып қорқытқан. Ол әйелі тастап кетсе осы іске барғысы келіпті. Абырой болғанда әйелі әуе компаниясына дер кезінде хабар беріп, апаттың алдын алыпты. 

РИА Новости агенттігі Италияның Il Fatto Quatidiano басылымына сілтеме жасай отырып, оқиғаның өткен жылдың қаңтар айында болғанын, бірақ бұл туралы енді ғана белгілі болып отырғанын хабарлады. Елдің солтүстігіндегі Падуя қаласының тұрғыны шетел әуе компаниясында құрлықаралық рейстерде ұшатын пилот болып жұмыс істепті.  



Ұшқыш пен оның әйелің арасындағы ұрыс Пудуи қаласының тәртіп сақшыларының назарына түсіпті, себебі ажырасқысы келмеген күйеуі әйелін түрлі қылмыстарды айтып, қорқытқан екен.   

Сондай бір кезекті жанжалдан кейін Токиоға ұшу алдында пилот әйеліне "Егер мені тастап кетсең, ұшақты құлатамын" деген мәтінмен SMS жазып жіберіпті. Il Fatto Quatidiano мәліметінше, сол рейстегі ұшақтың бортында 200 адам болған. 

Осы оқиғадан кейін аты аталмай отырған әуе компаниясы пилотты жұмыстан шектеп, психотерапия курстарынан өтуге жіберіпті.

Дереккөзі: tengrinews.kz
нравится:    700
Теги: Әлемде талай қызық бар, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии