|    |  
19 қараша 2018
12:12
қаз
​Италияда «биші миллионердің» мүлкіне санкция салынды
11 тамыз, 09:52 212
Әлеуметтік желі жұлдызы Джанлука Ваккидің виллаларына, яхталарына, акцияларына санкция салынды. Бұған оның  Banco BPM банкінен алған несиесі себеп болыпты. Кәсіпкер 10,5 млн еуро несие алып қайтармаған.


 
Бұқаралық ақпарат құралдары Вакки ресми түрде ғана кәсіпкер екенін жазуда. Іс жүзінде ол ешбір кәсіпке жетекшілік етпейді, әлеуметтік желідегі танымалдыққа баса мән береді екен. Оның Instagram-дағы парақшасына 11 млн адам жазылған.


 
Вакки косметика, дәрі-дәрмек, шай мен кофе қаптамаларын жасайтын аппараттар өндірісінің арқасында байыған. Бірақ туғандарына тиесілі IMA компаниясының басқару ісіне араласпайды. Есесіне аста-төк өмір сүріп, қымбат ұшақтар мен виллаларды пайдаланады.


 
Дереккөз: www.segodnya.ua
Жаңалықтар