Әлем жаңалықтары
24 тамыз 09:54
Италияда қуатты жер сілкінісі болды (ФОТО)

 
Сейсенбіден сәрсенбіге қараған түні орталық Италияда 6,3 балдық зілзала болды. Лацио мен Умбрия облыстарының шекарасындағы Терни қаласының аумағында тіркелген. Аматриче қаласы қатты зардап шеккен.
 


Сейсмологиялық орталықтың дерегі бойынша жер асты сілкінісінің эпицентрі Асколи-Пичено қаласынан батысқа қарай 24 км және Л'Акуила қаласынан солтүстікке қарай 50 км жерде орналасқан. Зілзала ошағы 2 км тереңдікте болған.


 
АҚШ-тың Геологиялық қызметінің дерегі бойынша жер сілкінісінің қуаты 6,2 балға жеткен.
 
Қатты зардап шеккен Аматриче қаласының әкімі Серджио Пироцци «Қалаға баратын және одан шығатын жолдар жабылып қалды. Қаланың жартысы жоғалып кетті. Тұрғындар қирандылардың астында қалды... Көшкін жүрді, көпір қираған болуы да мүмкін»-деп, мәлімдеме жасады.


 
Құрбандар туралы мәлімет жоқ.
 
Дереккөз: Аргументы и факты

Комментарии




Яндекс.Метрика