20 Август
21:17
Астана: 20 °C
Алматы: 17 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Әлем жаңалықтары
6 қаңтар 09:45
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Италиялықтар босқындар мәселесін шешудің тың жолын тапты
Енді Италия тұрғындары босқынды қоныстандырып, ай сайын 400 еуро пайда табуына болады. Бірақ ол үшін мигрантқа арналған жеке бөлме мен әжетхана болуы шарт.



Бұл талаптармен келісіп, үйіне қонақ қабылдағысы келетін италиялықтар екі апталық арнайы курстан өтеді. Миландық әкімшілік соңғы кезде ушыққан босқындар мәселесін осылайша шешпек. Биліктің мәлімдеуінше, бұл қадам келімсектердің еуропалық тұрмысқа жылдам бейімделуіне септігін тигізеді. Жалпы, Италия 93 мың мигрантты қабылдаған. Олардың әрқайсысына күнделікті үкімет қазынасынан 35 еуро бөлінеді. Ал мына тың жоба бюджет қаражатын үнемдеуге де мүмкіндік бермек.  Маттео Ренци, Италия министрлер кеңесінің президенті: - Еуропа мигранттар мәселесін жалпылама шешуге тырысуда. Біз бұдан нақты қадамдар көріп отырған жоқпыз. Босқындар мәселесімен тек Еуроодақ қана емес, дүниежүзі болып жұмылғанда ғана бұл түйткілдің түйіні шешіледі деп ойлаймын.

Дереккөзі: 24.kz
нравится:    675
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии