Әлем жаңалықтары
18 қыркүйек 10:22
Итбалық киттің үстіне мініп «серуен құрды»
Австралиялық фотораф Робин Малколм кездейсоқ суреттің авторы атанды. Ол  Австралия жағалауынан  алып киттің үстіне мініп алып «серуендеуге» мүмкіндік алған  итбалықты суретке түсіріп алған. 



Daily Mail хабарлауына қарағанда, Малком бас кезде суретке нені нақты түсіргендігін білмеген. Кейін үйге келеннен кейін ғана  киттің үстіне мінген итбалықты байқаған. «Менің ойымша, итбалық  киттің арқасында ұзақ отырып алған сыңайлы»,-деді Малколм.


Сарапшы Джефф Росс мұндай оқиға өте сирек кездесетіндігін айтты. «Мен мұндай бір ғана оқиғаны білемін: ол кезде  итбалық касаткадан қорғану үшін киттің үстіне шығып алған болатын»,- деді.

Бұған дейін желіде, Калифорния жағалауына жақын жерде жүрген байдарканың үстіне киттің секірген бейнежазбасы жарияланғаны белгілі.



Дереккөзі: dni.ru

Комментарии




Яндекс.Метрика