22 Август
15:04
Астана: 27 °C
Алматы: 24 °C
USD/KZT: 332.58
EUR/KZT: 390.38
RUB/KZT: 5.63
CNY/KZT: 49.85
Әлем жаңалықтары
15 сәуір 16:01
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Иттер әлеуметтік желіге суретін өзі жариялай алады

Адамдарға әлеуметтік желіде өзінің суретін жариялап, басқалардың суреттерін қараған ұнайды. Сол арқылы арамыздағы қашықтыққа қарамай таныстарымыз, достарымыз, туыстарымыздың қайда, не істеп жүргенін біліп отырамыз.

Facebook секілді әлеуметтік желіде біздің иттеріміз өз суреттерін жариялай алатын болса, қалай болады? Әлемге танымал Pedigree компаниясы иттері де иелерімен бірдей деңгейде әлеуметтік желіні қолдана алатындай ерекше жоба жасады. 


Pedigree инженерлері өнімін "The Posting Tail" деп атады. Гаджет иттерге арналған желет түрінде жасалған. Оған фотокамера, шағын компьютер, тетік, ит құйрығының қозғалысын қадағалаушы, GPS-сенсор және 3G-модем орнатылған. Иттер қатты қуанса, олар құйрығын бұлғаңдатады. Тетік бұлғаңдау жиілігін есептеп, ит сол кезде бақытты ма, жоқ па екеніне нәтиже шығарады. Егер ит бақытты болса, камера лезде суретке түсіріп, бірден әлеуметтік желіде жарияланады.

Желетте суретті әлеуметтік желіде жариялау функциясынан басқа ол иттің бақытты болған жерлерін картада белгілеп қоя алады. Соның себебінен, иттің иесі ол қай жерде бақытты немесе қай жерді аса ұнатпайтынын біліп отырады. Әзірге желет сатылымға қашан шығатыны белгісіз.

massaget.kz
нравится:    699
Теги: Жануарлар әлемі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии