|    |  
26 сәуір 2019
22:46
қаз
Иттің ырзығы
29 қаңтар 2019, 11:01 15


Ертеде бидайдың дәні сабағының түбінен бастап ұшар басына дейін салған екен. Молшылық жылдары ел-жұрт астықты аяқ асты етіпті. Бір әйел дәрет сындырған баласының құйрығын бидайдың масағымен сүртеді.
Оның надандық әрекетіне қаһарланған Алла елге жұт жіберді. Бидайдың масағы кетіп, сабаны қалды. Астың кепиеті атып, адамдар ашаршылыққа ұшырады. Сол кезде ит ұлып:
– Иә, Алла менің несібемді қалдыр, – деді. Әділетті Алла итке жаны ашып:
– Болсын! – деді де, бидайдың басына кішкене масақ бітірді. Халық иттің несібесін бөлісіп жеп, жұттан аман қалды. Ит содан бастап жеті қазынаға кірді. Осы жұттан соң, бидай дәні сабақтың ұшар басына ғана бітетін болыпты. «Иттің ырыздығы» деген сөз осыдан қалыпты.


Жаңалықтар