15 Декабрь
14:20
Астана: -12 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 334.92
EUR/KZT: 395.88
RUB/KZT: 5.71
CNY/KZT: 50.69
Әлем жаңалықтары
8 маусым 11:50
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Іздеу жарияланған 7 күдікті жайлы нақты мәлімет айтқан адамға 5 млн теңге сыйақы беріледі

Құқық қорғаушылар іздеу жарияланған 7 күдіктіні тапқан адамға сыйақы тағайындалатындығын айтты.

Бұл туралы bnews.kz хабарлайды.

Ақтөбе қаласындағы антитеррорлық операцияға қатысы бар 7 күдікті әлі іздестіріліп жатыр. Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз жетекшісі Ардагер Уайдиннің айтуынша, олардың мекенжайын айтқан адамға 5 миллион теңге тағайындалды.

Іздеу жарияланған күдіктілер:

Дмитрий Таңатаров – 1989 жылы туған, Ақтөбе қаласы

Арсен Таңатаров – 1990 жылы туған, қазақ, Ақтөбе қаласының Қарғалы селолық округы

Айдос Жұбанов – 1985 жылы туған, қазақ, Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының Михайловка ауылы

Бақыт Қуанышбаев –1983 жылы туған, қазақ, Қызылорда облысының Сырдария ауданы

Нұрлан Сейілов – 1985 жылы туған, Ақмола облысының Есіл ауданы

Әлібек Ақпанбетов – 1989 жылы туған, Ақтөбе облысы

Айдар Башимов –1988 жылы туған, Ақтөбе облысының Шалқар ауданы

Белгісіз адамдар тобы осы жексенбіде қаладағы екі қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасап, нәтижесінде бейбіт қала тұрғындары мен әскери қызметкерлер оққа ұшқан. Қалада террорға қарсы операция режимі енгізілді. ІІМ мәліметінше 13 қарақшының жолы кесілген. Соңғы деректер бойынша шабуыл кезінде жалпы саны 7 адам көз жұмған. Ішкі істер министрлігі күдіктілердің діни радикалды ұйымға қатысы барболуы мүмкін деп атады.
нравится:    2607
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии