22 Август
05:33
Астана: 8 °C
Алматы: 9 °C
USD/KZT: 332.58
EUR/KZT: 390.38
RUB/KZT: 5.63
CNY/KZT: 49.85
Авто
24 наурыз 14:44
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Jaguar иелері өз көліктерін сағат арқылы басқара алады

Jaguar компаниясы көліктерін басқаратын функцияға ие электронды сағаттарға арналған қосымшаны іске қосуға әзірлікті бастап кетті. Бұл туралы Autocar хабарлайды. Мұндай мүмкіндікке Jaguar және Land Rover көліктері мен Apple Watch сағаттары барлар ие болса, енді Android Wear негізінде құрылғыларды қолданатындар да ие болып отыр. Көліктері InControl Remote немесе InControl Protect жүйесімен қамтылған көлік иелері оны оталдырып, климат жүйесін қосып, тіпті бактағы жанармай деңгейін де тексере алады. Бұған қоса есіктерді ашып-жаба алады. Бұл аз десеңіз, қосымша арқылы көлік тұрағындағы автоңызды сағат арқылы тауып та аласыз. Автокөлік иелері бұл қосымшаны 2016 жылдың жазынан бастап жүктеп ала алады.

24.kz
нравится:    696
Теги: Автожаңалықтар,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии