Әлем жаңалықтары
18 ақпан 16:01
Қағаз кесіп кеткен саусақ неге қатты ауырады?


Ғалымдар байқаусызда қағаз тіліп кеткен саусақтың аздаған жарақаттануына қарамастан неге қатты ауыратынының себебін мәлімдеді, деп хабарлайды Science Alert.

Оның басты себебі тек ауырсынуды қоздыратын бастапқы нейрондардың – тері ноцицепторларының оянуына байланысты. Саусақ ұшындағы олардың шоғырлануы адам денесіндегі орташа мөлшерден елеулі артық болып есептеледі, бұған бір бума қағазды саусаққа, аяққа, қолға, арқаға және бетке қойып көз жеткізуге болады дейді ғалымдар. Олардың айтуынша, бір бума қағаздың дененің әрбір жеріне тигізетін әсері айтарлықтай ерекшеленеді.

«Бұл қорғаныс механизмі, - деп түсіндіреді АҚШ-тың Каролина Университетінің дерматолог-маманы Хейли Голдбах. – Саусақтың ұштары бізге әлемді тануға және ұсақ жұмыстарды атқаруға сеп болатын негізгі көмекші құралымыз».

Ғалымдар осы мәселенің тағы бір себебі қағаздың өзіне байланысты дейді. Қағаздың қыры мінсіз тегіс емес, сондықтан олар тіліп кетуге бейім. Бұған қоса, қағаз кесіп кеткен жарақаттар аса қатты терең болмағандықтан, жарақаттанған жерлерде қанның ұюы, беріштердің қалыптасуы секілді ағзаның табиғи қорғаныс механизмі белсенділік танытпайды, соның салдарынан саусақ басындағы жарақаттанған жүйке талшықтары ашық күйде қалады.


Дереккөзі: Gazeta.ru
 

Комментарии




Яндекс.Метрика