19 Август
18:48
Астана: 21 °C
Алматы: 26 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Әлем жаңалықтары
29 маусым 15:13
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қағба жайлы сіз білмейтін 10 дерек


Қағба – Меккедегі Әл-Харам мешітінің ортасында орналасқан ғимарат, Аллаға құлшылық ету үшін барша мұсылман қауымның күніне бес рет бұрылатын қасиетті орны. Бұл мақалада осы ерекше ғимарат жайлы сіз мүмкін, біле бермейтін деректерді айтпақпыз.

 1. Қағба бірнеше рет тұрғызылған.
Оның қазіргі көрінісі Ибраһим мен Исмайыл пайғамбарлар тұрғызған кездегі көрінісінен мүлде басқаша. Табиғи апаттар мен бұзылып, қираулардың нәтижесінде ол осыған дейін бірнеше рет қайта жаңартылған.

2. Екі есігі мен терезесі және түрлі-түсті болған.
Бір есігі – кіруге, екіншісі – шығуға арналған болатын. Біраз уақыт терезесі де бар еді. Қазіргі таңда тек есік қалған. Бастапқыда қабырғалары қызыл, жасыл, ақ түсті болатын. Оны қара матамен жабу Аббасидтер кезеңінен басталды.

3. Кілті меккелік бір әулетке тиесілі.
Әуел баста құрайыштар тайпасындағы кілт Меккені алған соң Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) қолына тиеді. Бірақ Алла елшісі (с.ғ.с.) кілтті Осман ибн Талхаға қайтарып береді. Содан бері осы әулеттің ұрпақтары кілттің иесі болып саналады.

4. Қағба барлығы үшін ашық тұрған.
Қазір жылына екі рет, арнайы қонақтар үшін ғана ашылатын есік ол кезде аптасына екі рет кез келген адам үшін ашық тұратын болған.

5. Қағбаны су басып кеткен кездер болған.
Қағба таулар мен даланың төменгі (сай) бөлігінде орналасқандықтан, су тасқындарымен күресуге мүмкіндік жоқ кезеңдерде оны қаншама рет су басып кеткен. Адамдар жан-жағында жүзіп құлшылық жасайтын болған.

6. Оның ішінде кез келген жаққа бұрылып намаз оқуға болады.
Қағбаның ішкі қабырғалары ақ түсті мәрмәрдан жасалған, едендері де дәл сондай аппақ мәрмәр.

7. Екі Қағба бар.
Қағбаның қақ төбесінде, аспанда оның көшірмесі бар. Ол жайлы қасиетті Құранда және Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтқан. Алла елшісі (с.ғ.с.) Миғраж сапары жайлы айтқанында: « … Одан кейін маған әл-Бәйт уль-Маъмур (Алланың Үйі) көрсетілді. Мен Жәбірейілден «Бұл не?» деп сұрағанымда  ол: «Бұл  әл-Бәйт уль-Маъмур. Күніне жетпіс мың періште бұл жерде құлшылық жасайды, олар бір қайтқанда екінші қайта келмейді. Олардың орнына басқа періштелер келеді, солай күнде жалғаса береді», – деді», – деген.

8. Қара тастың жарылған кезі.
Орта ғасырларда қарматтар сектасы қажылықты «ырымшылдық» деп санап, ондаған мың қажыны өлтіріп, денелерін зәм-зәм құдығына тастап, Қара тасты өздерімен алып кетеді. Оны тек 22 жылдан соң ғана, жарылып, сынған күйде ғана қайтарады. Сондықтан қазір шашылып кетпес үшін оны күміс жиектемемен орап қойған.

9. Пішіні бастапқыда тіктөртбұрышты болатын.
10. Мұсылмандар үшін Қағба мен Қара тастың орны ерек.

Қағба Аллаға құлшылық жасағанда қайда қарап бұрылу керектігін меңзейтін қасиетті орын болса, Қара тас Қасиетті Үйдің қай жерінен бастап айналу керектігін көрсетеді.


Дереккөзі: asylsoz.kz
нравится:    4950
Теги: Әлемде талай қызық бар, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии