16 Декабрь
20:40
Астана: -19 °C
Алматы: -8 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Әлем жаңалықтары
6 желтоқсан 16:44
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Қаланы WhatsApp арқылы басқарған әкім 17 жылға сотталды
Бразилияда Бом Жардим қаласының бұрынғы әкімі Лидиан Лейте 14 жылға абақтыға қамалды.


 
27 жастағы келіншек қалалық бюджеттен 6 миллион долларды ұрлап кетіп, WhatsApp.һ арқылы қарамағындағы қызметкерлерге тапсырма беріп отырған.
 
Лейте елдің солтүстік батысындағы ең кедей штаттардың бірі Марантянға 2012 жылы әкім болып тағайындалған. Бұл қызметті оған дейін оның 44 жастағы көңілдесі Умберто Дантос Сантос атқарыпты. Лейте қызметіне кіріскеннен кейін-ақ көңілдесін кеңесші етіп тағайындаған.
 
Осылайша екеуі қала бюджетіне қол салып, аз қамтылған отбасылардың балаларын тамақтандыруға бөлінетін қор қаржысын жымқырған. Мектептерде тамақтың жоқтығына шағым айтыла бергеннен кейін билік жаңа әкімнің қызметіне тексеріс жүргізген.
 
2015 жылы Лейте мен Сантос ажырасып, Сантос қызметінен кетеді. Біршама уақыттан кейін Лейтені тұтқындау туралы шешім қабылданады. Бірақ ол Сан-Луис қаласына қашып барып, жасырынған. Бірақ қарамағындағы қызметкерлеріне қашықтықтан тапсырма беріп, прокуратура қызметкерлерімен араласуға тыйым салған.
 
39 күннен кейін келіншек бәрібір ұсталған. Тергеу ісі екі жыл бойы жалғасқан. Оның әлі қашып жүген көңілдесіне сырттай 17 жылға үкім кесілген.
 
Дереккөз: Вести.ru
нравится:    297
Теги: Главная, Қылмыс,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии