24 Май
23:53
Астана: 16 °C
Алматы: 10 °C
USD/KZT: 325.75
EUR/KZT: 382.04
RUB/KZT: 5.31
CNY/KZT: 51.04
Мәдениет
3 наурыз 09:43
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

«Қалаулымның» бас редакторы: Біздің көрсетіп жатқанымыз шынайы өмір
Елдің қатты сынына ұшырап жүрген «Қалаулым» бағдарламасының бас редакторы Шаһ-Керім Кәрменов жұрт алдына шығып, бағдарламаға қатысты пікір білдірді. Ол өзімен бірге бағдарламаның барлық жұмыс тобын бірге алып шыққан. Оның сөйлеген сәтін Аша Матай желідегі парақшасына жүктеген.


 
«Армысыздар, көрермен! Менің есімім – Шаһ-Керім, “Қалаулым” жобасының бас редакторымын. Мен қазақпын және қазақ боп туғаныма ерекше мақтанамын. Менің артымда тұрған топ – “Қалаулым” жобасының редакторлары. Олар да қазақтар, олар да қазақ халқына бір қасық қаны қалғанша қызмет етуге дайын және ұмтылып тұр. Біздің жасап жатқан бағдарламаның сіздерден, көрерменнен қошеметке бөленіп жатқаны біз үшін ерекше қуанышты жағдай. Күнде сағат 12-ден 3-ке дейін өздеріңіз бізді таңдап, 6 миллионнан астам көрерменнің қошеметіне бөленген бағдарламада жұмыс істеу – біз үшін ерекше бақыт. Біз әрқайсысымыз журналистпіз, әрқайсысымыз журналистика факультетін бітірген маманбыз. Біз қазақ халқына ешқандай қарсы әрекет немесе салт-дәстүрімізге нұқсат келтіретін дүниені көрсетпейміз. Біздің көрсететініміз – шынайы өмір, өмірде болып жатқан жағдайлар. Және сол жағдайларды өзгертуге өз тарапымыздан күш жұмсайтынымызға уәде береміз»  – дейді Шаһ-Керім Кәрменов.

Бұған дейін қоғам белсенділері бұл бағдарламаны жабуды талап еткен болатын.
 

Бүгінгі Шаһ-Керімнің айтқанының жалғасы деп түсініңіз. Бізде жұмыс істейтін топтың басым бөлігі жастар және барлығы кәсіби журналисттер. (бізге соңғысы ерекше маңызды) Неге жастар десеңіздер бұл жобаның сыры " Мен қазақ журналистикасын дамытамын. Мен әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті бағдарлама жасаймын" деген жастық жалынында. Жалындаған жас мамандар барда, даму да болады. Бізді күн сайын 6 000 000 жуық көрермен таңдайды. Көрермендеріміз үшін соңына дейін жұмыс істейміз. Соңы қашан болса да... @mykalaulym #калаулым #ilovekalaulym #қалаулымқалсын

Публикация от Asha Matai❤❤❤❤❤KZ (@asha_matai)


Дереккөз: Reactor
 
 
нравится:    56
Теги: Кино және ТВ, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте также:
Загрузка...

Комментарии