13 Декабрь
03:56
Астана: -25 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 334.85
EUR/KZT: 394.29
RUB/KZT: 5.69
CNY/KZT: 50.60
Кербез
20 қазан 10:13
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қалай ұйықтаған пайдалы?

Адам өмірінің үштен бір бөлігін ұйқымен өткізеді екен. Егер ұйқы одан аз болса немесе қанбай қалса, ағзаны түрлі аурулар жеңе бастайды. Өйткені ұйқының адам өміріндегі маңызы зор. Мысалы, бір түн ұйықтамаған адамның миы 20-50 пайызға нашар жұмыс істейтіні дәлелденген. Ендеше әрбір адам ұйқының дұрыс болуына аса мән беруі керек.

Қытай медицинасында адамның бір қырынан жатып ұйықтағанының пайдасы зор екендігі айтылады. Сол жақ қырынан жату асқорыту үдерісін жақсарта түссе,оң жақ қырымен жату жүйке жүйесін босаңсытса керек. Кейде «Етбетіңнен жатпа, бетіңді жоғары қаратып ұйықтама» дегендерді де жиі естіп жатамыз. Бірақ, бүгінде мамандар бұл пікірмен келіспейді.

Мамандардың айтуы бойынша, шалқасынан жатудың пайдасы айтарлықтай көп. Шалқасынан жатып ұйықтау мойын мен белдің еркін жатуына, сондай-ақ, аяқ пен қолды демалдырады. Және де ол жүрек тамырларын, тыныс алу жүйесін, асқорытуды дұрыстайды екен. Ал қан қысымы жоғары адамдарға жастықты биік қойып, шалқасынан жатып ұйықтаудың пайдасы көп.

Мамандардың айтуынша, сол жақ қырымен ұйықтау өкпесі ауыратындар үшін пайдалы. Асқазаны ауыратындар да сол жақпен ұйықтағаны дұрыс, себебі,осылайша қызыл өңешке ағып кіретін қышқыл сөлін азайтуға болады. Ал созылмалы соқыр ішек қабыну ауыруы барлар оң қырымен жатуы керек. Және оң жақ қырымен жатқанда ұйықтағанда жүрекке түсетін қысым жеңілдейді.

Айта кетейік, дұрыс ұйықтау үшін төсектің жайлы болуы да маңызды. Ал көрпеше мен жастық әр адамның дене құрылысына қарай жеке таңдалуы қажет. Мысалы, жастықты алайық. Кейбіреу оған тек басын ғана қояды. Ал негізінде омыртқаның мойын бөлігі де баспен бірдей биіктікте болуы тиіс. Жастықтың ұзындығы иықтың енімен шамалас болғаны жөн. Сондықтан жастық сатып алатын кезде оған жатып көріп таңдаған дұрыс.

Мамандардың пайымынша, биік жастыққа жатқан адамның мойны мен иегіне тез әжім түседі екен. Ал, бір қырымен жатқанды ұнататын адамдар басы мен иығына ыңғайлы болуы үшін қатты жастық таңдағаны жөн. Ал шалқасынан жатып ұйықтайтындар қаттылығы орташа жастықты таңдаса қателеспейді. Етбетінен жатып ұйықтайтындарға жұмсақ жастық ыңғайлы болмақ.

​BAQ.kz 
нравится:    1366
Теги: Аруларға кеңес,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии