|    |  
14 желтоқсан 2018
01:07
қаз
​Калифорнияда ит алдыңғы аяқпен жүгіруден рекорд орнатты
19 маусым, 09:17 869
Калифорнияда ит алдыңғы аяқпен жүгіруден рекорд орнатты
 

АҚШ-тағы Тусти қаласында (Калифорния штаты) Конжо атты ит алдыңғы аяқпен жылдам жүгіруден әлемдік рекорд орнатты.
Бұл туралы Гиннестің рекордтар кітабы сайтында хабарланды. Ит бес метрді алдыңғы аяғымен жүгіру арқылы 2,39 секунд ішінде еңсерген.
Иттің иесі Юлия Пастернак Конжо алдыңғы аяқпен жүгіруді күшік кезінен күнделікті дағдысына айналдырғанын айтты.
Мұның алдында алдыңғы аяқпен жүгіруден рекорд Джиф атты иттің еншісінде болатын. Ол 7, 76 секундта бес метрді жүгіріп өткен.

ҚазАқпарат 
 


Жаңалықтар