20 Октябрь
22:13
Астана: 7 °C
Алматы: 8 °C
USD/KZT: 335.24
EUR/KZT: 395.82
RUB/KZT: 5.82
CNY/KZT: 50.65
Әлем жаңалықтары
14 қазан 12:26
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Кәлиманы айтып, Алланы ұлықтаған тотықұс көпшілікті тәубесіне түсірді (ВИДЕО)

 
Төмендегі видеоны белгілі айтыскер ақын Балғынбек Имашев өзінің instagram-дағы парақшасына жүктеген. Кәлиманы айтып, Алланы ұлықтаған тотықұсты көрген көпшілік бұл құдіретке таң қалып, тәубесін есіне түсіріп жатыр.

Ақын видеоның тек өзін жүктемеген. Өлең жолдарымен төмендегідей жазба қалдырыпты.

Әссәләмуғәләйкүм, барша мұсылман қауым, қадірлі отандастар! Жұма мүбәрәк болсын!

Алтынмен торың апталған,
Өзегің толы өкініш.
Жат жерге барып жатқанда,
Сырласым болған тотықұс,
Мұңдасым болған тотықұс...
***
Кейуақта болдың сырласым,
Тотым-ау, менің тотым-ау!
Бейуақта болдың мұңдасым,
Біздің де көңіл жетім-ау... - деген Мырзатай ағамыздың әні естеріңізде ме?
Ендеше сол екпінмен:
Жұманың таңы атқанда,
Мешіттен қалу - өкініш!
Инстаны шұқып жатқанда,
Ұялттың мені, тотықұс,
Ұялттың мені, тотықұс!
***
Алладан басқа тәңір жоқ,
Кәлиманы айтқан, тотым-ау!
Имансыз құлда қадір жоқ,
Сорлылық - намаз оқымау!
***
Сен түгіл "Ғаламтор" деген,
Адам "торда отыр", тотым-ау.
Құранды ашып көрмеген,
Смартфонын сипап отыр-ау!

 
нравится:    1320
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии