|    |  
15 желтоқсан 2018
18:45
қаз
Камаз үстіндегі көшпелі бассейн жұртты таңдандырды
16 шілде, 14:32 92


Түркістан облысында Камаз маркалы жүк көлігінің үстіне орнатылған бассейндегі суға шомылған жігіттер жұртты таңғалдырды.

Видео авторы оқиғаның Арыс қаласында орын алғанын айтып өтеді. Кешкі мезгілде кузовына су толтырып, жасанды бассейн жасап алған Камаз көлігі қаланың орталық алаңынан бастап көшелерді аралап жүріп өткен. 

Осылайша, "көшпелі хауыз"-ға шомылған жігіттер елді таңдай қақтырды.

Оқиғаны бейнекамераға түсірген ер азамат суды жан-жаққа шашпауды сұрады. Ал суға рахаттанып шомылғандар болса бір-бірін мақтап әлек болды.




Дереккөзі: NUR.KZ


Жаңалықтар