19 Октябрь
22:20
Астана: 5 °C
Алматы: 8 °C
USD/KZT: 334.11
EUR/KZT: 394.65
RUB/KZT: 5.81
CNY/KZT: 50.46
Әлем жаңалықтары
14 қазан 11:35
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Камбоджада бүйе саудасы қалай дамыған? (ФОТОРЕПОРТАЖ)
Бала кезімізде бүйе көрсек тұрған жерімізден ыршып түсетін едік. Лажы болса тездетіп өлтіріп тастауға тырысатынбыз. Ал камбоджалықтарда кәдімгідей бүйе аулау кәсібі қалыптасқан. Себебі ол жергілікті тұрғындардың күнделікті тұтынатын тамақтарының бірі. Бүйені қалай аулайтыны, қалай қуыратыны, қайда, кімге сататыны туралы фоторепортажды назарларыңызға ұсынамыз. Оқыңыз, қызықты...


 
 Жергілікті тұрғындар ғасырлар бойы осы бүйелерді қорек етіп келеді. Тіпті 1970 жылдардағы аштық, жоқшылық кезінде де тұрғындар талғажау еткен. Оны тамақ ретінде ғана тұтынбайды. Медицинада дәрі-дәрмекке кеңінен қолданылады. Әсіресе тыныс алу жолдары мен арқа ауруларынан айықтыратын таптырмас ем.
 
 

Қазір елдің эколог мамандары бүйеге деген сұраныстың артуынан қауіптеніп отыр. Себебі бүйе аулаушылар орманды да аямайды екен. Камбоджа 1970 жылдан бері табиғи ормандарының жартысын жоғалтқан.
 


Мұнда бүйе аулау кәсібіне негізінен ер азаматтар мен ұл балалар машықтанған. Олар жәндікті қолдарына түсіргеннен кейін уын қайтару әдістерін де әбден меңгеріп алған. Тәжірибелі аңшы күніне 100 бүйеге дейін аулауы мүмкін.
 
 



Қазір бүйелерді мұндағы елдің бәрі ауламайды. Бүйе саудасын кәсіпке айналдырғандар аулайды. Себебі бүйе саудасы олардың табыс көзіне айналған. Олар аулап әкелген олжаларын қуырып сататын сауда нүктелеріне немесе дәмханаларға өткізеді. Ал мұндағылар жәндіктерді отқа үйітіп, қуырып, сатылымға дайындайды. 







Бүйені құр қуыра салу жеткіліксіз. Оған түрлі дәмдеуіштер қосады. 


 
Сатуға дайын өнім



Дәмді пісірілген бүйелердің бір біреуі 800 теңге тұрады. Жергілікті халықтың тең жартысының бір күндік табысы 2 доллар екенін ескерсек, бұл сома оларға аз ақша емес.
 
 

Қыдыра келген туристер қызық көрсе керек


 
Бұл бүйелерді тіпті тұздап, қысқа жауып алатындары да бар.
 


Дереккөз: www.bloomberg.com

Дайындаған Ақбота КҮНТУҒАНҚЫЗЫ
нравится:    1316
Теги: Әлемде талай қызық бар, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии