21 Август
12:23
Астана: 23 °C
Алматы: 21 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Әлем жаңалықтары
4 қыркүйек 11:11
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Камчаткада адасқан кемпір төрт күннен соң табылды
Ресейдің Камчатка түбегінде зейнет жасындағы кемпірдің орманда адасып кетуінің ақыры қайырлы аяқталды. Ағаш арасын кезген әйел төртінші күні адамдарға кезікті. Бұл туралы «Вести.Ru» хабарлады.



Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары 64 жастағы әйелмен орман соқпағында жолықты.

Зейнеткер 29 тамыз күні бұл маңнан 12 шақырым жерде жабайы өсімдіктер жинап жүрген кезінде жоғалып кеткен екен. Ол жолдың бойынан кездейсоқ шығып қалады да, бұрын тұрған жерін қайта таба алмайды. Сосын қатты адасып кетпеуді ойлап, сол маңнан ұзамауға тырысады. Бірақ сөйтіп жүріп, мұнша қашықтыққа қалай ұзап кеткенін сезбейді. Қатты қорқып қалған екен, кейін жұрт жолыққанда дәрігерлік көмек алудан бас тартыпты.

«Әйел төрт күннің ішінде орманда бірнеше аюға кезіккенін, соның ішінде жанына ерткен қонжығы бар ұрғашы оюды да көргенін жеткізді. Ол жыртқыш аңдармен сөйлесіп, өзін жеп қоймауды өтінген. Содан кейін аналар өз беттерінше кеткен», – деп әңгімелейді қазір құтқарушылар.

Биылғы жылдың басынан бері Камчаткада екі адам аюлардың шабуылына тап келген. Солардың бірі – француздың турист әйелі қаза тауыпты.

Осы төрт күн бойына құтқарушылар әйелді тікұшақтардың көмегіменіздестіріпті. Жабайы шөп жинаушы осы аралықта орманда жертөлеге кездесіп, сонда біраз уақыт тұрғанын да айтады. Бірақ содан кейін сыртқа шығып, тағы да жол іздеуге кіріседі.

«Әйелді бақ-бақшалық серіктестігінен шамамен бес шақырымдай жерден таптық. Алайда, ол жердегі жыныстың қалыңдығы сондай, адасқан адамның бірден шығып кетуі оңайға соқпайды», деді төтенше жағдайлар министрлігіндегілер.

Дереккөзі: ras.kz
нравится:    875
Теги: Әлемде талай қызық бар, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии