21 Июнь
01:03
Астана: 16 °C
Алматы: 20 °C
USD/KZT: 341.08
EUR/KZT: 394.46
RUB/KZT: 5.37
CNY/KZT: 52.71
Мәдениет
18 қараша 14:08
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Кәмшат Жолдыбаева өзіне ұқсайтын арулар арасында конкурс жариялады


"KeshYou" тобының экс-әншісі, танымал актриса осыдан бірнеше күн бұрын Инстаграмдағы парақшасында "Маған инстада "Мені Сізге ұқсатады", "Сізге ұқсағым келеді", "Парақшамдағы суретті тексеріңізші, ұқсаймын ба?" деп жиі жазады. Маған бір ой келді: неліктен осыны жай ұқсату, еліктеу емес (өйткені, әр жаратылған жанның өзіндік сұлулығы мен ерекшелігі бар), қызықты өнер байқауына айналдырмасқа?" деп жазған болатын.

Жұлдыз-әнші енді сол идеясын іске асыратынын хабарлап отыр.

Байқаудың шарты бойынша, қатысушы үміткерлер Кәмшаттың өзі ұсынған жоғарыдағы фотодағы бес түрлі образына ұқсайтын шаш үлгілері мен бет-әлпеттерін әрлеп, #men_Kamshatka_ulsaimyn хэштегімен Инстаграм желісіне салуы қажет.

7 күнге созылатын бұл байқаудың жеңімпаздары - екі ару - Кәмшат Жолдыбаевамен кездесіп, бірге кофе ішу құрметіне ие болмақ.


 
нравится:    1316
Теги: Жұлдыздар әлемі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте также:

Комментарии