12 Декабрь
10:30
Астана: -19 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 335.05
EUR/KZT: 395.12
RUB/KZT: 5.66
CNY/KZT: 50.64
Кербез
22 желтоқсан 16:21
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қан қысымын реттеу үшін не істеу керек?

Қан қысымы жас талғамайды: жасты да, кәріні де жоғарғы өлшеммен құлатуы мүмкін. Оның алдын алып, сақтану үшін арнайы тәртіп ұстанып, дұрыс тамақтану керек. Бұдан басқа да кез келген адам ұстануы тиіс қағидалар бар. 

1. Артық салмақтан арылу

Дәрігерлер қан қысымын артық салмақтан болуы мүмкін дейді. Мұндай жағдайда диета ұстау керек. Құрамында глутамин қышқылы бар көкөністерді, мысалы, сәбіз, қызылша, жүгері, қызанақ секілді көкөністерді жеу керек.

2. Табиғи тұз 

Біздің ағзамыздағы тұздың 80%-ы жартылай дайындалған өнімдерден, шұжық, ірімшік, консервіленген тағамдардан тұрады. Тұзды мұндай тағамдардан емес, табиғи өнімдерден алу керек.

3. Ағзадағы майды қадағалау

Омега-3 май қышқылы қан қысымының бірқалыпты болуын қадағалайды. Мысалы, албырт балығы (лосось) немесе 25г орман жаңғағы (фундук) сізге үлкен көмек болады.

4. Ағзаға калий жетіспейді

Калий банан, кепкен өрік, жаңғақ және мейіздің құрамында кездеседі. Күніне 2-3 жаңғақ пен 2-3 кепкен өрік жеп тұрсаңыз, қан қысымы қалыпқа түсуі мүмкін.

5. Терлеу керек

Физикалық жаттығуларды көптеп жасау керек. Аптасына 4 рет қан қысымына арнап, жаттығу жасап, терлесеңіз, ағзаға күш жинап, денедегі зиянды заттардан арыласыз.

6. Минералды су ішіңіз

Құрамында магний элементі бар су ішіп тұрған абзал. Ол біріншіден жүрекке пайдалы, екіншіден қан қысымын реттеп отырады.

massaget.kz
нравится:    957
Теги: Аруларға кеңес,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии