Әлем жаңалықтары
5 шілде 15:31
Канада әр балаға төленетін жылдық жәрдемақыны 6 400 долларға дейін ұлғайтты

Биылғы жылдың 1-шілдесінен бастап Канада үкіметі балаларға төленетін жәрдемақыны айтарлықтай ұлғайтпақ. Елдің қаржы министрі Билл Морно 10 отбасының 9-ы мемлекеттен қомақты қаржылай көмек алатынын хабарлады. Бұл бастама Canada Child benefit аталатын жаңа жоба шеңберінде жүзеге асырылғалы отыр.  Таза табысы  30 000 долларға жетпейтін отбасылардың әр баласына жылына 6 400 доллар, 6-17 жас аралығындағы әр балаға 5 400 доллар төленеді. Жылдық табысы 30 000 доллардан асатын отбасыларға төленетін жәрдемақы мөлшері бұдан аз. Мысал үшін жылдық орташа табысы 90 000 долларды құрайтын отбасылардың 6-17 жас аралығындағы екі баласына жылына 4 650 доллар төленеді. Ал егер 6 жасқа дейінгі бір баласы бар отбасының жылдық табысы 170 000 долларға жетсе жәрдемақы мөлшері 20 90 долларды құрайды.
 
Дереккөз: immigrant.today

Комментарии




Яндекс.Метрика