15 Декабрь
08:40
Астана: -22 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 334.92
EUR/KZT: 395.88
RUB/KZT: 5.71
CNY/KZT: 50.69
Әлем жаңалықтары
28 қазан 10:39
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Канада ауруханаларындағы дәрігерлерге роботтар көмектеседі

Болашақта медбикелер жұмыссыз қалып жатса, таң қалмаңыз. Канаданың Торонто қаласында робот-медбикелер жұмыс істейтін аурухана ашылды. Олардың бағдарламаларына тамақ әкелу, дәрі-дәрмек үлестіру, дәрігерлердің нұсқауы арқылы емделушілердің қанша мөлшерде дәрі қабылдайтынын есептеу енгізілген. Сондай-ақ роботтар рентген-кабинеттерде де жұмыс істейді. Емхана заманауи медициналық құрылғылармен жабдықталған. 350 орынның әрқайсысында планшеттер бар. Ол арқылы емделушілер ауруларының тарихын біледі, бөлменің температурасын реттейді, қоңырау шалып, кітап та оқи алады. Ауруханада сандық басқару жүйесі арқылы барлық дәрілердің сақталу мерзімі тексеріліп отырады. 4 жыл бойы салынған емхана құрылысына 1 миллиард 800 миллион қаражат жұмсалды.

Дереккөзі: 24.kz
нравится:    700
Теги: Технология,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии