19 Декабрь
02:25
Астана: -21 °C
Алматы: -8 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Әлем жаңалықтары
19 тамыз 09:13
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Канадада биіктігі 20 километрге жететін мұнара тұрғызылады
Канаданың Thoth Technology қорғаныс компаниясы ғарыштық жеделсаты (лифт) құрылысына патент алды. Бұл мұнара тұрғызылатын болса, орбитаға туристерді және бірнеше тонналық жүкті көтеретін болады. Сондай-ақ, жел энергиясын реттейтін болады. Бұл жайында RT ақпарат көзі хабар таратты.Ғарыш кемесіне қарағанда мұндай мұнара ғарышқа саяхаттайтын туристердің өміріне қауіп төндірмейді. Инженерлердің есебіне қарағанда, бұл лифт ғарыш кемесімен салыстырғанда жанар-жағармайды 30 пайызға үнемдеуге мүмкіндік береді.


Мұнараның ұшар басында ғарыш аппараттарын ұшыратын алаң болады.



Thoth Technology тұрғызатын бұл мұнара әлемдегі ең зәулім ғимараттан (Дубай қаласындағы биіктігі 828 метрге жететін Бурж-Халиф ғимаратын айтып отыр - ред.) 20 есе биік болмақ. Оның биіктігі бұл межемен ғана шектеліп қалмауы мүмкін. Болашақта оның биіктігін 200 километрге жеткізілуі мүмкін. Ал бұл өз кезегінде ашық ғарышқа шығуға мүмкіндік бермек.
Мұндай ғарыштық лифт туралы идеяны алғаш айтқан орыс ғалымы Константин Циолковский болды. Ол бұл идеясын 1895 жылы айтқан еді. Ал ғалымдар мен инеженерлер оны қандай материалдардан тұрғызуды талқылап жатыр, деп жазады islam.kz.
 
нравится:    805
Теги: Әлемде талай қызық бар, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии