15 Декабрь
08:38
Астана: -22 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 334.92
EUR/KZT: 395.88
RUB/KZT: 5.71
CNY/KZT: 50.69
Әлем жаңалықтары
29 қазан 09:24
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Канадада киттің кесірінен кеме аударылды
Канададағы Британ Колумбиясы провинциясындағы Тофино елді мекенінің жанында круиздік жолаушылар кемесінің суға батуы салдарынан бес адам қаза тапты.



Бір адам із-түзсіз жоғалып кетті.Жексенбінің таңында туристер тобы мінген "Левиафан II" үш палубалы кеме әсерлі экскурсия жасау үшін теңізге шықты. Кеме туристер киттерді тамашалауы үшін олар мекендейтін жерге келіп жеткен. Жүзу кезінде кеменің бортында 27 адам болған.
Тергеудің алдын ала нұсқасы бойынша, туристер тобы кеменің сол жақ бортына жиналып, суретке түсе бастағанда, кит кемеге жақындап, құйрығымен кемені бар күшімен соққан. Соққы салдарынан кеме аударылып, суға батып кетті, экипаждың барлық мүшелері мен туристер суда қалды.
Ұлыбританияның бес азаматын аман құтқару мүмкін болмады. Кемеде болған Австралия азаматы із-түссіз жоғалған, деп жазады шетелдік БАҚ.

Дереккөзі: ҚазАқпарат
нравится:    845
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии