16 Декабрь
07:26
Астана: -22 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Әлем жаңалықтары
14 қазан 15:46
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Канадада тұратын әйел өзіне өзі күйеуге шықты

Канадада тұратын Кейт Симпсон есімді әйел әлеуметтік желідегі достарының суреттерімен некелесе беруден жалығып, ақырында өзіне өзі күйеуге итюге шешім қабылдады. Бұл туралы The Huffington Post ақпарына сілтеме жасаған ras.kz хабарлады.

Анықталғандай, әйел 2015 жылы сүйікті адамымен қоштасқаннан кейін әзер өз қалпына келген екен. Рождество каникулы күндері ол Facebook әлеуметтік желісінен достарының түгел дерлік тұрмыс құратын болып жатқандарын оқығаннан кейін бірден көңілсізденіп кетеді. Сол кезде Кейт өзі үшін бір нәрсе жасамасөа болмайтынын түсінеді.

Сөйтіп, Жаңа жыл мерекесі қарсаңында келіншек өзіне өзі сөз салады. Ал 2016 жылдың сәуірінде «күйеуге шығады». Той оның туған күнінде өтеді. Сол күні ол 28 жасқа толады.

Некеге отыру рәсімі Хартвуд қаласында жасалады. Оған Кейттің 100 досы мен туыстары келеді. Ал алтарьға оны әкесі алып барады.

«Менің мамам жас күнімде осындайдың болатынын білгенде, әкеме емес, өзіме үйленер едім дейді», – деп әзілдейді қыз.

Кейт енді басқа ешкіммен некеге отырмауға ант беріп отыр.

Соған қарамастан, бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары қазіргі кезде Симпсонның бір шафермен кездесіп жүргенін айтады. Ол мұнымен бірге тіпті бал айын да өткізген көрінеді.
нравится:    1260
Теги: Әлемде талай қызық бар,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии