20 Октябрь
03:39
Астана: 5 °C
Алматы: 8 °C
USD/KZT: 334.11
EUR/KZT: 394.65
RUB/KZT: 5.81
CNY/KZT: 50.46
Әлем жаңалықтары
1 тамыз 14:38
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Канадалық ғалымдар алмадан адам құлағын жасап шығарды

 
Ауырған адамның ауыстыратын ағза мүшелері болашақта өсімдіктерден өсірілмек. Өтірік емес. Канадалық ғалымдар алмадан адам құлағын өсірді. Трансплантологияның таңғажайып жетістіктері туралы Daily Mail басылымы хабарлап отыр.
Ғалымдар алма жасушаларын HeLa жасушаларымен ауыстыру арқылы құлақ өсірген. HeLa жасушасы — 1951 жылы жатыр мойны қатерлі ісігінен қайтыс болған Генриетта Лакстың ағзасынан бөлінген қатерлі жасушалар желісі.  HeLa жасушалар желісі өздігінен бөлініп, көбейе беретін ерекше қасиетке ие.
«Біз әдеттегі алманы алып, одан жеміс өсімдігінің ДНҚ-сы бар барлық жасушаларын жойдық. Яғни тек целлюлозды заттар ғана қалды. Осыдан құлақ жасалады»-дейді биологтар. Олар алманың қалдықтарын ерекше жасушалармен біріктіріп, құлақ қаңқасын жасаған. Бірақ бұл дүниені әлі толыққанда мүше деуге келмейді. Дегенмен, бұл болашақта трансплантологияда қолданылатын синтетикалық органдарды жасау жолындағы маңызды кезең болып табылады.
 
Дереккөз: planet-today.ru
нравится:    727
Теги: Денсаулық,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии