15 Декабрь
08:30
Астана: -22 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 334.92
EUR/KZT: 395.88
RUB/KZT: 5.71
CNY/KZT: 50.69
Мәдениет
1 сәуір 11:22
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қанат Әлжаппаров Аманжол Әлтаевтың сынына жауап берді

Жақында ғана өткен «Жұлдызды айтысты» сынға алғандар аз емес. Сынға іліккендердің басында әзілкеш Қанат тұр, деп жазады Baistars.kz.
Естеріңізде болса, осыған дейін Faсebook қолданушысы Талғат Жанысбай Қанаттың өнеріне қатысты наразылығын білдірсе, айтыс ақыны Аманжол Әлтаев Facebook парақшасында Қанаттан киелі өнердің құтын қашырмауын сұрады. «Қанат бауырым, бойыңда азаматтық намысың болса, ұлттық өнерге деген құрметің болса, енді айтыс саxнасына шықпауыңды сұраймын. Айтыс өнері еріккеннің ермегі емес, өнерді олай қорлауға болмайды... Қазақтың баласы болсаң енді қой, ақылың жетсе кешірім сұрасаң да артық емес. Төреғали, Еркін, Роза секілді ақындық таланты бар өнер иелерінің айтысқа шыққанын қолдаймын, жылы қабылдаймын. Жанар, Ұлықпан секілді айтыстан ауылы алыс әншілерге ақылға келіңіздер демекпін. Киелі өнердің құтын қашырмайық!» - деп жазды айтыскер ақын.
Бұған жауап берген Қ.Әлжаппаров: «Мен бұл айтыста өзіме берілген тапсырманы орындап шықтым. Және шоу айтыстың басы-қасында Жүрсін Ерман аға өзі жүргеннен кейін қатысқан болатынмын. Аманжол аға тарапынан айтылған сын-пікірлерді дұрыс қабылдаймын. Міндетті түрде одан нәтиже шығаруға тырысамын» - деді.

​ҚазАқпарат 
 
нравится:    1106
Теги: Музыка,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии