12 Декабрь
18:13
Астана: -20 °C
Алматы: -4 °C
USD/KZT: 335.05
EUR/KZT: 395.12
RUB/KZT: 5.66
CNY/KZT: 50.64
Спорт
22 қазан 10:16
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

ҚАНАТ ИСЛАМ ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ МЫҚТЫ КОМПАНИЯЛАРДЫҢ БІРІМЕН КЕЛІСІМШАРТҚА ОТЫРМАҚ

Қанат Ислам әлемдегі ең мықты компаниялардың бірімен келісімшартқа отырмақ. Бұл туралы  «Хабар» телеарнасының «Көзқарас» бағдарламасында қонақта болған белгілі кәсіпкер Бауыржан Оспанов мәлім етті. 

Бағдарламаны жүргізуші Ирак Елекеев Бауыржан Оспановқа көптеген спортшыларға қолдау көрсетіп жүргеніне алғысын айта келіп, Қанат Ислам туралы «Қазір Қанат Ислам қайда? Қашан әлем чемпионы болады? Чемпиондық атақтың ауылы қаншалықты алыс?» деген ел көкейінде жүрген сауалдарды қойған еді. Осы орайда Бауыржан Оспанов Қанат Ислам туралы жағымды жаңалығымен бөлісті.

«Ол — қазақтың ұлтшыл азаматы. Алла тағала талантты әр қырынан бере салған азамат. Мен Қанаттың отбасы, жанұясын жақсы білемін. Үлгілі отбасында туған, өнегелі азамат. Елім-жерім дегенде жанын беруге дайын азамат. Оның ақыл-ойы, күш-қабілеті бір емес, бірнеше мәрте әлем чемпионы болуға жетеді. Сондай-ақ сол атақты қорғап тұра алатын азамат. Өкініштісі, Қанат елімізге кішкене жайырақ келіп қалды. Бірақ, оның жеңісті жолдары алда. Бүгін айтпай тұра тұрайын, Қанат Исламның алдағы бәсекелеріне байланысты осы 3-4 күннің ішінде әлемнің ең мықты компанияларының бірімен келісімшартқа қол қойылады. Содан кейін Қанат әрі қарай кемінде екі айда бір рет жарысқа шығатын болады. Жеңіске бастайтын үлкен жол ашылады. Көп ұзамай Қанатпен қайта қауышып, бір-екі айда жетістіктерін еститін боласыздар», — деп атап өтті Бауыржан Оспанов.

Дереккөзі: baistars.kz
нравится:    850
Теги: Біздің мақтанышымыз,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии