16 Август
19:00
Астана: 23 °C
Алматы: 27 °C
USD/KZT: 332.91
EUR/KZT: 391.17
RUB/KZT: 5.55
CNY/KZT: 49.84
Спорт
24 наурыз 16:47
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қанат Ислам Майамиді таңдады
​Қазақстандық кәсіпқой боксшы, бірінші орта салмақта WBA Fedelatin белбеуінің иегері Қанат Ислам  Vesti.kz тілшісіне Астанада жекпе-жек өткізу мүмкіндігі мен алдағы жоспарлары жайлы айтып берді. 



Қанат Ислам рингке Майамиде 8 мамырда шығатынын айтты. Алдағы уақытта оның қарсыласы белгілі болады екен. 

Ал осыған дейін Ислам Қытайда жекпе-жек өткізетінін айтқан болатын. Бұған қатысты ол Қытайда жекпе-жек өткізуге келіссөздердің жүріп жатқанын хабарлады. "Бұл бағытта жұмыс жүргізіліп жатыр. Қазір мен Майамиде үлкен бокс кешін өткізуге дайындалып жатырмын. Содан кейін ғана Қытайда жекпе-жек өткізу нұсқасын қарастырамыз, сол жақта кездесу өтеді", - деді ол.

Тілшінің "Сіз Қазақстанда кездесу өткізуге қарсы емес екеніңізді айтқан едіңіз, бұл жайлы не дейсіз?" деген сұрағына Қанат Ислам Астанадағы клубтан шақырту келгенін айтты. "Бірақ оларда да бокс кеші мамырда өтеді, сондықтан біз бас тартып, Майамидегі кездесуді таңдадық. Келесі жекпе-жектердің біріне қатысамыз деп ойлаймыз", - деді боксшы. 

Сонымен қатар, қазақстандық боксшы шақырту алып жатқан жағдайда Олимпиада ойындарына да қатысып, ел намысын қорғауға дайын екенін айтты. Егер Қазақстанда оған қызығушылық танытса, боксшы басқа шаруаларының барлығын жиып қойып, Рио-де-Жанейроға баратынын мәлімдеді.
 
нравится:    800
Теги: Спорт жаңалықтары, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии