24 Август
12:44
Астана: 25 °C
Алматы: 23 °C
USD/KZT: 333.32
EUR/KZT: 392.58
RUB/KZT: 5.64
CNY/KZT: 50.02
Спорт
29 желтоқсан 16:38
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қанат Ислам жылдың үздік спортшысы атанды
«Қазақстан» ұлттық арнасы жариялаған «Жыл таңдауы – 2015» байқауы бойынша қазақ кәсіпқой боксшысы Қанат Ислам «Жылдың үздік спортшысы» атағына ие болды, – деп хабарлайды «Қамшы» порталы.


Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Исламұлы WBA FedeCaribe тұжырымының чемпионы. Яғни, Қанат Ислам орташа жеңіл салмақ бойынша Кариб аймағының үздігі. Әуесқой боксшы ретінде Қытай Халық Республикасы Ұлттық құрама командасының құрамында Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері, Чикагода өткен Әлем чемпионатының (2007) және Азия ойындарының (2006) қола жүлдегері. Қытайдың 10 дүркін чемпионы.

2010 жылы азаматтығын ауыстырып, атамекені Қазақстанға көшіп келіп “Астана Арландары” кәсіби клубының мүшесі болып 2012 жылға дейін өнер көрсеткен. Қазір кәсіпқой боксшы, Нельсон промоутерлік клуб атынан шығып,  12 жекпе жек өткізген және барлығында  нокаутпен жеңіске жеткен. Лақап аты – Қазақ.

Майами қаласында жаттығады. Қанат Ислам қазір Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) ережесі бойынша әлем чемпионы атағына таласуға мүмкіндігі бар.

Қараша айында Қанат кәсіпқой бокстағы жиырмасыншы кездесуін Майами қаласында доминикандық боксшы Джонатан Батистамен өткізіп, бірінші раундта-ақ жеңіспен аяқтаған болатын.
нравится:    830
Теги: Спорт жаңалықтары, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии