17 Декабрь
08:30
Астана: -23 °C
Алматы: -9 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Спорт
13 мамыр 14:49
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Қанат Исламның ресми сайты ашылды
Қанат Исламның ресми сайты ашылды

 
Кәсіпқой бокста қазақ елінің абыройын асқақтатып жүрген боксшы Геннадий Головкиннің кеше мобильді қосымшасы іске қосылса, бүгін Қанат Исламның ресми сайты ашылып, жанкүйерлерін қуантты.
Жаңадан ашылған сайтта спортсүйер қауым Қанат Ислам туралы соңғы ақпараттардан хабардар болып отыратын болады. Сонымен қатар алдағы кездесулері мен жоспарлары жайлы да жазылып тұрмақ. Ал қазіргі таңда қазақстандық боксшының ресми сайтына өмірбаяны, кездесулерінің статистикасы, сұхбаттар, фото мен жекпе-жектерінің бейнебаяндары жүктеліп үлгерген.
Айта кетейік, Қанат Ислам кәсіпқой бокста «Қазақ» деген лақап атпен сәтті өнер көрсетіп келеді. Отандасымыз WBA Fede Caribe тұжырымының чемпионы, жеңіл салмақ бойынша Кариб аймағының үздік былғары қолғап шебері. Осыған дейін 19 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті. 16 жекпе-жегін мерзімінен бұрын аяқтады.  

Дереккөзі:massaget.kz
 
нравится:    854
Теги: Біздің мақтанышымыз,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии