15 Декабрь
16:21
Астана: -12 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 334.92
EUR/KZT: 395.88
RUB/KZT: 5.71
CNY/KZT: 50.69
Мәдениет
23 шілде 18:17
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Канаттың үстінде әкесімен өнер көрсеткен төрт жасар қыз көпшіліктің зәресін ұшырды
Қобда ауданының Ақтөбедегі күндері аясында Қырғызстанның Ош қаласынан келген өнерлі отбасы ақтөбеліктерді таңқалдырды деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Канатта жүріп өнер көрсететін көпбалалы әулеттің кенжесі 4 жастағы Бибісара биіктікте өнер көрсетіп, көрермендердің зәресін ұшырды.

Өнерлі топтың жетекшісі, әулеттің үлкені Алишар Хаджиматовтың айтуынша, олар жыл сайын Қазақстанның бірнеше қаласын аралап шығып, Ресей асады екен. Көрші мемлекетте де ауыл-аймақтарды аралап, өнер көрсетеді.

"Қазір топта 8 адамбыз. Орал қаласында болдық. Атырауға бара жатқанбыз. Қобда ауданы әкімшілігі өтініш жасаған соң, Ақтөбеге келіп, өнер көрсетіп жатырмыз. Бұл жерде балаларым мен немерелерім бар. Жазғы демалыс кезінде осылай ел аралап жүреміз. Топтың кенжесі 4 жастағы Бибісара канаттың үстінде еркін жүре алады», — дейді Алишер Хаджиматов.
 
Айта кетейік, бүлдіршін канаттың үстіне шыққанда көрермендердің зәресі ұшты. Олар кішкентай қыздың амандығын тілеп тұрды. Алайда, жерден он метрден астам биіктікте Бибісара өзін еркін ұстап, әкесінің мойнына мініп алып, билеп жүрді. Тіпті, биіктіктен төмен түскенде де езуінен күлкі кетпеген бүлдіршін көпшіліктің көңілінен шықты.

Айта кетейік, сенбі күні Қобда ауданының Ақтөбедегі күндері өтті.

Дереккөз: nur.kz
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии