17 Август
19:27
Астана: 25 °C
Алматы: 23 °C
USD/KZT: 332.70
EUR/KZT: 389.99
RUB/KZT: 5.59
CNY/KZT: 49.72
Кербез
25 мамыр 16:10
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қандай әйел сүйікті болуға лайықты?


Сүй, жан сәулем…
Әйелді кір жуып, тамақ істегені үшін жақсы көрмейді. Оны жұмақтан қуылған күнәсі үшін сүйеді. Әйелді сізден жасырып қалатын көзіндегі қоңыр мұңы үшін сүйеді. Әйелдің жанында әлемнің бар қиындығы ұмытылатыны үшін сүйеді. Кейде биік, кейде пәс болатын ақылы үшін сүйеді. Таңмен жарысып сіздің үйдегі шаттықты оятатын баланың күлкісі үшін сүйеді. Сізге ғана сыйлайтын тәтті түндер үшін сүйеді. Көңіл қабаржып, қабақ қатуланғанда қасыңнан табылғысы келіп тұратыны үшін сүйеді.
Сізді ғана мақтайтын ыстық ықыласы үшін сүйіңіз. Сіз айтқан дөрекі әзілге жымиып қана сабыр танытатыны үшін сүйіңіз. Әйелдің бойындағы асыл арманы мен шешілмес құпиясы үшін сүйіңіз! Қолда бар сұлулықты әншейін бекер айтылған бос сөзбен мінемеңіз. Әйелдің бойындағы қарсылықты сүйіңіз! Жеңімпаз қарсыласын аяғандай аяңыз. Жайдан жай сүйіңіз! Құшағыңызды шын махаббатпен толтырғаны үшін! Қазір бірге болғаныңыз үшін! Сүйіңіз оны! Ол барда құшағыңызда бүкіл әлем бар! Соны ұмытпаңыз!

Дереккөзі: «Алауинформ»
нравится:    1092
Теги: Психология,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии