20 Август
13:48
Астана: 20 °C
Алматы: 24 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Кербез
20 қаңтар 15:28
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қандай шайды ішуге болмайды?

Шай десе көңіліміз бөлек. Біреу шай ұсынса бас тартпайтынымыз тағы бар. Шай денені сергітіп, жүрекке жылу ұялатады, көңілді көтереді, деген екен Шығыс халқы. Шайды жақсы көретін шығыстықтар шай ішпейтін кездерді де білген. Мамандардың, дәрігерлердің ақыл-кеңесі бойынша, мынандай жағдайда шайды ішпейді:

1. Ашқарынға суық шай ішпейді. Себебі ол ішке түскен соң өт пен асқазанды салқындатуы мүмкін. Керісінше жылы және ыстық шай бойды сергітіп, сананы сейілтеді. Суық шай бүкіл ағзаны тітіркендіреді.

2. Арнайы зерттеу қорытындысы бойынша температурасы 62 градустан жоғары шай ішу асқазанға зиян. Шайдың температурасы 56 градустан аспауы қажет. Өте ыстық шай кеңірдекке, ас жолы мен асқазанға зиянын тигізуі мүмкін.

3. Қою шайда кофейн мен теин көп. Ондай шайды ішсе басты ауыртып, ұйқыны қашырады.

4. Шайды ұзақ қайнатпайды. Олай жасаса шайдың фенолы, липоидтар мен эфирлік қоспалары өз-өзінен қышқылданып, шай тұнығы, дәмінің сапасы, хош иісі төмендейді. Содан сіңімділік қасиеті нашарлайды. Ұзақ қайнатылған тұнық шайда қоршаған ортаның әсерінен түсетін микроорганизмдердің де мөлшері көп. Сол себепті мұндай шайды ішуге болмайды.

5. Бірнеше рет қайнатылған шайды ішпейді. Үш-төрт рет қайнатқаннан кейін шай жапырақтарынан ештеңе қалмайды. Бірінші қайнағанда шай жапырақтарындағы пайдалы заттардың 50%, екінші қайнатқанда – 30%, үшінші қайнатқанда – 10%, төртінші қайнатқанда – 1-3% ғана қалады. Одан әрі қайната берсеңіз, шай құрамындағы зиянды заттардың шығуы да мүмкін. Бұл – мамандардың қорытындысы.

6. Тағамның алдында шай ішпейді. Ондай шай сілекейді қышқылдандырып, оның дәмін сезуді қиындатады. Мұндай жағдайда ас қорыту қызметінің протеинді сіңіруі уақытша да азайып кетуі ғажап емес. Негізінен шайды тамақтан 20 – 30 минут бұрын ішеді.

7. Тамақтан соң шай ішпеген жөн. Ішкіңіз келсе 20 – 30 минут күтіңіз. Өйткені шай құрамындағы танин, протеин мен темірдің қатқылдануы тағам сіңімділігін төмендете түседі.

8. Дәріні шаймен ішпейді. Себебі шай құрамындағы заттар ыдырағанда пайда болатын таниннің әсерінен дәрі сіңімділігі төмендейді. Қытай халқы баяғыда-ақ «шай дәріні бұзады», – деп айтқан.

9. Кешегі шайды да ішпеу қажет. Бір тәулік бойы тұрып қалған шай дәруменін жоғалтады. Онда протеин мен қант көп болғандықтан, ол бактериялар үшін таптырмайтын ортаға айналып үлгіреді.

10. Шайға шектен тыс қант қосып ішпейді. Сүтті шайға лимон салса, шай іріп кетеді.

massaget.kz
нравится:    755
Теги: Аруларға кеңес,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии