20 Август
04:36
Астана: 11 °C
Алматы: 12 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Әлем жаңалықтары
20 сәуір 17:26
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қандай тағам неге ем?




Жер бетінде адам пайда болғанда, олардың өмір жасының қаншалықты ұзақ болғанын ешкім білмейді. Тек осы мәселені түбегейлі зерттеп жүргендер алғашқы адамдардың тым қысқа ғұмыр кешкенін айтады.Мұның себеп-салдары көп. Француз дәрігері Жан Песул Кортэ мырза осы уақытқа шейін саналы тіршілік иелерінің өмірі жыл сайын ұзарып келгенін, келешекте бұл көрсеткіш 200 жылға жетуі мүмкіндігін жоққа шығармайды. Оған басты себеп, күнделікті тамақтану үрдісіндегі қалыптаса бастаған жағымды жағдай көрінеді. С, Е дәрумені тағам арқылы бойға жиі сіңірген кісі ұзақтау өмір сүреді. Демек тағам ерекшелігін зерттеп, оның пайдалы жақтарын ашқан сайын қартаюдың алдын алуға болады.
Сонымен қатар аз күш-қуат жұмсау да тіршілікті жақсартады. Ең керегі  тамақты аз-аздан ішу екен. Әлбетте, тамақтануда қазақ халқының өзіне тән ерекшелігі бар. Біз жиі пайдаланатын тамақ түрлерінің ағзаға қалай әсер ететінін біле бермейміз. Осыған байланысты төмендегі қағидаларды назарларыңызға ұсынып отырмыз:
Жылқының еті  бүйрек пен белді желден тазартады.
Сиырдың еті  салқын, майлы, желдің қызуын қайтарады.
Қойдың еті  денедегі желді басады.
Ешкінің еті  ауыр, салқын.
Тауықтың еті  ұрықты көбейтеді, жарақат алған кезде пайдалы.
Суырдың еті  майлы, ауыр, ісік кезінде пайдалы.
Балық  асқазан ауруларына ем, тәбет тарттырады, көзге пайдалы, ірің мен жалқыншақты тияды.
Жануарлардың аталықтарының кеуде жақ еті, ал аналықтарының бөксе жақ еті, буаздарының барлық еті ауыр болады. Малда ұрғашылардың, құстарда аталықтардың еті жеңіл.
Сары май, жұлын мен іш май дәмді, ішкі ағзаны тазартады. Әлсіреген, шаршаған, ұрығы мен қаны әлсіз қарттар мен балаларға іш тазартуға, желді шығаруға пайдалы.
Сүр май ақылынан адасқан, өсінен айырылған адамдарға көмектеседі. 
Шыжғырылған май жадыны жақсартады. Жылу мен күш-қуат беріп, өмірді ұзартады.
Сүйектің майы желді қуып, қуаттандырады.
Іш май буындардың сырқатын, күйікті жазуға, құлақ, бас, жатыр сырқаттарынан арылуға көмектеседі.
Қуырылған күріш тышқақты тияды, сынған сүйектердің бітуіне көмектеседі.
Сиырдың сүті  несеп ауруларына пайдалы. 
Ешкінің сүті  ентікпеге ем. 
Қойдың сүті желді қуады.
Көк шай іш ауруын, сүзекті қоздыратын бактерияларды жояды, ұсақ қан тамырларын морт үзілуден, күн өтуден қорғайды. 
Көк шайдың қуыққа, бауыр мен бүйрекке тас жиналуынан алдын ала сақтану үшін де пайдасы бар. Ол теріні жақсартып, терлетеді. 
Кепкен өрік  организмге қуат береді. Әсіресе ер адамдарға. 
Жаңғақ, жүзім, ірімшік  сергек жүруге, бас ауруын жазуға ықпал етіп, жүйке мен бұлшық еттерінің жұмысын жақсартады. 
Сүзбе  ұмытшақтық, жүрек, бауыр ауруларына ем ретінде жақсы. 
Картоп гипертониямен ауырғанда қабығымен пісірілген картопты аршымай жейді.
Бүлдірген  бауырға тас жиналғанда күніне алты рет жарты стаканнан жеу керек.
Апельсин мен лимон  гипертония алғашқы басталған кезде және әйелдерде кездесетін ауруларға бірден бір ем.
Сарымсақ  қан аздығын емдеуге қолданылады. Сондай-ақ, ол ас қорытуды жеңілдетіп, ішектің қалыпты жұмыс істеуіне әсер етеді.
Жыныс бездерінің және зәр шығару органдарының жұмысын жақсартады.


Дереккөзі: aikyn.kz
нравится:    1184
Теги: Денсаулық, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии