20 Сентябрь
08:09
Астана: 6 °C
Алматы: 12 °C
USD/KZT: 340.95
EUR/KZT: 408.73
RUB/KZT: 5.87
CNY/KZT: 51.80
Кербез
22 сәуір 15:46
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қандай тағамдар аштық туғызады
Қарныңыз ашса өзіңізді тоқтатпай тамақ ішіңіз. Ал егер тамақтан кейін бес минут өтпей қарныңыз ашса не жегеніңіз туралы ойлану керек. Кейде калориясы өте жоғары деген тағамның өзі «бос» нәрсе болып шығады екен.
Бәріне белгілі чипсы,фастфуд пен тәттілерден басқа тәбетіңізді қоздыратын бес азық-түлік тізімін ұсынамыз.


Ақ нан
Жақында өткізген зерттеулерінде испан ғалымдары 9 мыңнан астам адамдардың тамақтану әдіісі мен салмақтарын бақылаған. Нәтижесінде, күніне екі немесе одан да көп нан тілімін жеген адамдар 40% артық салмақ қосып отырған.
 
Ақ ұнды сыртқы қабығын (кебек) алып тастап жасайды. Бірақ сол кебекте ағзаны қандырып, керекті мөлшерде қантты өндіріп, аштықты басатын құнарлы өзек болады.Сондықтан,ақ нанды тоймай жей беруге болады.

Табиғи шырындар
Дәрумендері көп жаңа сығылған шырындар мына заманда нәрлі тағамдардың бірі болып есептеледі.Бірақ бұл шырындар оздерінің қанттарын сұйық түрінде беріп қандағы қант құрамын күрт көтеріп жіберуі мүмкін.Сондықтан жемістерді жаңа піскен түрінде жеген пайдалы.
 
Алкоголь
Алкоголь – сіздің денсаулығыңызға зиян келтіруімен қатар аштық сезімін де ұлғайтады.Ішімдікті қорыту барысында гликоген көмірсуларының деңгейі төмендеп,қант шегінің көтерілуіне немесе төмендеуіне әсер етеді.

Суши

Дәмді суши денсаулыққа пайдалы балық пен күріштен дайындалады.Бірақ бір роллды жегенде көмірсу баламасына сай үш нан тілімін жегендей боласыз.

Пицца


Ал пиццаның қандай қатысы бар деп ойлап қаларсыз?Екі адамға жеткілікті үлкен пиццаны бөліп қарныңызды тойдырып,аштық туралы ұмытуға болады деуіңіз мүмкін.Әйткенмен де наны ақ ұннан жасалғандықтан және оның үстіне балқытылған ірімшік пен қоса басқа да консерванттар қосылғандықтан аштықты тұғызатын көптеген қосындыларды байқаймыз.

Дегенмен жоғарыда айтылғанға қарап аталған тағамдарды мүлдем жеуге болмайды деген сөз емес.Тәбет ас кезінде келеді дегенді ұмытпасаңыз болды.

Дереккөз: hochu.ua
 
нравится:    1414
Теги: Ас мәзірі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии