|    |  
15 қазан 2019
01:51
қаз
Қандай жігітке ойланбастан тұрмысқа шығу керек?
29 қаңтар 2019, 15:11 31


1. Ол жетістіктеріңіз бен жеңісіңізге сізден артық қуанып, достарымен, туған-туысқандарымен бөліседі. Ол анаңыздан кейінгі екінші жанкүйеріңіз. 

2. Ол сіз үшін қимасын ойланбастан беруге дайын. Тек ол қимасы ата-анасымен байланысты болмауы керек. 

3. Өмірлік құндылықтарыңыз ортақ. Мысалы, әркімнің жеке қызығушылығы болу керек, бала тәрбиесі ата-анаға бірдей тиесілі, жыл сайын бір рет жақсылап демалыс өткізу керек деген секілді ойларыңыз бар. Көзқарастарыңызбен, ішкі сырларыңызбен жиі бөлісетіндіктен, бір-біріңіз туралы барлығын да білесіз. 

4. Жүргендеріңізге көп болса да, ол бұрынғыдай «нағыз жігіттік» мінезін сақтап, сыпайылық көрсетуде. Есік ашып, қажет болса, сырт киіміңізді киюге көмектеседі. Сөмкеңіз ауыр болса, көтеріседі. 

5. Ол сізді өзгертуге тырыспайды. 

6. Болашақ өміріңізді осы жігітпен елестеткен кезде той күнінің қалай өтетінін емес, бірге өмір сүрудің бақыт екенін көбірек ойлайсыз. 

7. Бір-біріңізден ұзақ уақыт жырақ жүрген сәттеріңіз болған. Бұл қиын болса да, сіздер оны өткере білдіңіздер. 

8. Сіз оны көру үшін сабақтың немесе жұмыс күнінің жылдам аяқталуын күтесіз. 

9. Ол - қуанышыңызды да, қайғыңызды да бірінші болып бөлісетін жан. 

10. Сіз оның жанында еш ұялмастан көз жасыңызды төгіп жылай аласыз. Себебі ол қай кезде расымен мұңайып тұрғаныңызды, қай кезде мелодрамалық фильмге жылағаныңызды ажырата алады.

Дереккөз: Reactor
 


Жаңалықтар