23 Август
18:00
Астана: 28 °C
Алматы: 26 °C
USD/KZT: 333.08
EUR/KZT: 391.50
RUB/KZT: 5.64
CNY/KZT: 50.00
Әлем жаңалықтары
22 желтоқсан 14:51
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қаңғыбас ит орманда өлгелі жатқан қызды аман алып қалды
22-12-15-sobaka-1

Украинаның Полтава қаласында қаңғыбас ит машина қағып кетіп, жарақат алып жатқан 20 жасар қызды аман сақтап қалды. Бұл туралы «Комсомольская правда» хабарлады. Үй-күйсіз ит ауыр жаралы қыздың қасына келіп жатып, оны есін жинағанша денесімен жылытқан.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше студент қызды сабаққа бара жатқан жолында машина қағып кеткен. Осы жол-көлік оқиғасының нәтижесінде ол ауыр жарақат алған. Ал жүргізуші қылмысының ізін жасыру үшін қызды көлігіне салып, жақын маңдағы орманның ішіне апарып тастап кетеді.

«Қызды анық өлімнен сол маңайда қаңғып жүрген ит қана құтқарып қалған. Ол қыздың жанына келіп жатып, денесімен жылытқан», – деді облыстық полиция басқармасының басшысы Олег Бех.

«КП»-ның украин басылымының хабарлауынша, студент қыздың кенеттен жоғалып кеткенін полицияға оны үйінде тұрғызып жатқан туыс әпкесі жеткізген. Осыдан кейін тәртіп сақшылары  оны алты сағаттан кейін тауып алған. Түн ішінде полицияның кезекшілік бөліміне май құю стансасының қызметкері хабарласып, қыздың жайын баяндайды. Оның айтуынша, зардап шегуші оның бекетіне келіп, өзіне не болғанын айтып, көмек көрсетуді сұрайды. Қыз көзін ашып алғанында, өзін иттің жалап жатқанын көргенін мәлімдейді.

Кейін анықталғанындай, студент қыз жол-көлік оқиғасы салдарынан айтарлықтай ауыр жарақат алыпты. Оның миы қатты қозғалған. Қазір өз-өзіне біртіндеп келіп жатыр. Көп нәрсені ұмытып та қалған.

Факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қызды қағып, қашып кеткен қаскөй іздестіріліп жатыр. Бірақ құтқарушы ит тағдыры жайында ештеңе айтылмайды.

Дереккөзі: ras.kz
нравится:    1022
Теги: Әлемде талай қызық бар, Главная, Қылмыс,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии